Биылғы 3-тоқсанда халықтың орташа табысы 74 593 теңгені құрады

1207

Биылғы 3-тоқсанда халықтың орташа табысы 74 593 теңгені құрады

2016 жылдың 3 тоқсанында халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары 74 593  теңгені құрады және 2015 жылдың 3 тоқсанымен салыстырғанда 9,5%-ға өсті. Осы кезеңдегі тұтыну тауарлары мен қызметтері бағасының 17,3%-ға өсімі кезінде жылдағы халықтың нақты  ақшалай табыстары 6,6%-ға төмендеді, деп хабарлады ҚР ҰЭМ баспасөз қызметі.

2016 жылдың 3 тоқсанында халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстарының мөлшері бойынша жоғары мәні Атырау облысында байқалып отыр, онда көрсеткіш орташа республикалық деңгейден 2,0 есеге асқандығы байқалды.

Табысы ең төмен өңірлер ретінде Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстары белгіленді, осы өңірлерде халықтың табыс мөлшері орташа республикалық деңгейден 56-60% төмен.

2016 жылдың 3 тоқсанында өңірлер бойынша халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстардың ең жоғары және ең төменгі шамасы арасындағы айырмашылығы 3,6 есені құрады (2015 жылғы 3 тоқсанда – 3,6 есе).

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу