Биылғы 7 айда 6,5 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді

798

2018 жылдың балама кезеңімен салыстырғанда 96,3%  құрайды.

Биылғы 7 айда 6,5 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді

Тұрғын үйді іске қосу пайызы жылдық жоспардың 50% құрады (жоспар 13,0 млн шаршы метр), деп хабарлады ИИДМ баспасөз қызметі.

"Республика бойынша барлығы 55 849 бірлік тұрғын үй тапсырылды (оның ішінде – 24 013 жеке үй). Тұрғын үйді іске қосу көлемінің өсуі өткен жылмен салыстырғанда 7 өңірде жалғасуда. Тұрғын үйді пайдалануға беру бойынша көшбасшы Түркістан (130,9%), Қызылорда (128,7%), Қостанай (118,6%) облыстары болып табылады. Тұрғын үйді іске қосу қарқынының төмендеуі Маңғыстау облысында (87,7%) және Нұр-Сұлтан қаласында (64,1%) байқалады",– делінген ведомство хабарламасында.

Құрылыс бойынша нақты көлем индексі 2019 жылдың қаңтар-шілде айларында 111,5% құраған.

Министрлік жағымды динамика 8 өңірде, әсіресе Қызылорда (275,5%), Қарағанды (193,6%), Атырау (129%) облыстарында байқалған.

Көрсеткіштің төмендеуі Маңғыстау облысында (-30,4%) және Нұр-Сұлтан (-12,5%) және Шымкент (-34,4%) қалаларында тіркеліпті.

Көлік кешені бойынша нақты көлем индексі 2019 жылдың қаңтар-шілде айларында 105,4% құрады.

"Қазақстан арқылы контейнерлік тасымалдардың жалпы көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен 38,4%-ға өсті (2018 жылдың қаңтар – шілдесі-254 мың ЖФЭ) және 351,6 мың ЖФЭ құрады. Мәселен, ҚХР-ЕО-ҚХР бағыты бойынша бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 29%-ға өсті (2018 жылғы қаңтар – шілде-139,7 мың ЖФЭ) және 178 мың ЖФЭ құрады",– деп хабарлады ИИДМ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу