Биылғы 7 айда елімізде қанша адам астан уланған?

528

Соңғы үш жылда топтық тамақтан уланудың саны 3 есе өскен.

Биылғы 7 айда елімізде қанша адам астан уланған? Фото: inbusiness.kz

Елімізде жыл басынан бері тамақтан уланудың 17 жағдайы тіркелді. Салдарынан 363 адам зардап шекті. Бұл туралы Денсаулық сақтау вице-министрі Айжан Есмағамбетова мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz.

“Жыл басынан бері елімізде жаппай тамақтан уланудың 17 жағдайы тіркелді. Салдарынан 363 адам зардап шекті. Оның ішінде 140 бала бар. Тамақтан улану жағдайы өткен жылдың ұқсас кезеңіне қарағанда 1,5 есе төмен”, - деді ол Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Бас мемлекеттік санитариялық дәрәгердің мәліметінше, тамақтан уланудың 11 жағдайы қоғамдық тамақтану нысандарымен, үшеуі балалар ұйымдарымен, тағы 3 дерек фаст-фуд жеткізумен байланысты болған.

Жапа шеккендердің басым көпшілігінде диагноз зертханалық түрде расталды, деп түйіндеді ол.

Осыған байланысты Бас санитариялық дәрігер тамақтан уланудың алдын алуға көмектесетін бірқатар ұсынымдар айтты:

- мейрамханалар мен кафелерді таңдағанда мұқият болу;

- термиялық, әсіресе теңіз өнімдерін өңдеуді көздемейтін тағамдарға тапсырыс беруден және тұтынудан аулақ болу;

- үйде тамақ өнімдерін дайындау шарттарын, температуралық режимді сақтау.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу