Биылғы 8 айда еліміздің теңіз порттары арқылы 3,8 млн тонна жүк тасымалданды

804

Жүк автокөлік құралдары мен контейнерлерді ауыстырып тиеуде өсім байқалады.

Биылғы 8 айда еліміздің теңіз порттары арқылы 3,8 млн тонна жүк тасымалданды

Биылғы 8 айда Ақтау және Құрық теңіз порттары арқылы 3,8 млн тоннадан астам жүк тасымалданды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткішке тең, деп хабарлайды ИИДМ баспасөз қызметі.

Жүк автокөлік құралдары мен контейнерлерді ауыстырып тиеуде өсім байқалады.
Отандық сауда флоты есепті кезеңде Каспий теңізіндегі порттар арасында 1,5 млн тонна жүк, оның ішінде Ақтау-Баку фидерлік желісі бойынша шамамен 9 мың бірлік контейнер тасымалдады.

8 айда ішкі су жолдары бойынша жүк тасымалдау көлемі шамамен 1,3 млн тоннаны құраса, оның шамамен 200 мың тоннасы Ресей бағытында тасымалданды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу