Биылғы жылғы тоғыз айда құрылыс-монтаж жұмыстарына баға индексі 104,1%, машиналар мен жабдықтарға – 101,3%, өзге де жұмыстар мен шығындарға 103,4%-ды құрады.
2018 жылдың басынан бері құрылыс ұйымдары сатып алған материалдар, бөлшектер және конструкциялардың бағасының өсімі 1% құрады.
Портландцеметтің бағасы 6,5%, табақты шынының – 3,7%, құм және қара металдардың – 2,6%-дан, ағаш материалдарының – 2,4%, битумның – 1,9%, құбырлардың – 1,4%, кірпіштің – 1%-ға өсті. Әк және ғаныш – 13,5%, бояулар мен эмальдар 0,6%-ға арзандады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу