Биылғы бес айда шетелден 23,3 млн литр шырын әкелінді

1131

Әр қазақстандық айына жарты литр тәтті сусын ішеді. 

Биылғы бес айда шетелден 23,3 млн литр шырын әкелінді

2021 жылдың қаңтар-маусымында елімізде 31,8 млн литр жеміс-көкөніс шырындары өндірілді, бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 4,6% артық, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі energyprom.kz-ке сілтеме жасап.

Өңірлер бойынша жалпы өндірістің 41,9% -ы тек Алматы облысына тиесілі: 13,3 млн литр - 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,7 есе көп.

2020 жылы елімізде 58,9 млн литр шырын өндірілді, бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 21,3% -ға аз.  Айта кету керек, тәтті сусындар өндіру көлемі үшінші жыл қатарынан азайып келеді.

Биыл елімізде 1,9 млн литр көкөніс шырыны шығарылды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен 9,6% төмен. Өндіріс көлемінің барлығы дерлік қызанақ шырынын өндіруге келеді: 1,9 млн литр - 2020 жылдың бірінші жартыжылдығымен салыстырғанда 6,7% аз.

Жеміс-жидек шырындарын өндіру жылына 5,7%-ға 29,9 млн литрге дейін өсті.  Апельсин - 50,4%-ға, 12,6 млн литрге, ананастан жасалған сусын - 11,6%-ға, 1,3 млн литрге дейін өсті.  

Ал алма шырыны (- 12,9%, 6,5 млн литрге дейін) мен жеміс шырындарының қоспасын (- 10,8%, 7,4 млн литрге дейін) өндіру керісінше төмендеді. 

2021 жылғы қаңтар-мамыр айының соңында жергілікті компаниялар жеміс-көкөніс шырындарына сұранысты (ішкі нарықта сату плюс экспорт) 56%-ға қамтамасыз етті. Бір жыл бұрын көрсеткіш 57,3% болатын.

Тиісінше, импорт 44%-ды құрады. Елімізге 23,3 млн литр шырын әкелінді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 0,5% -ға көп. Сектордағы экспорт көлемі мардымсыз.

Биыл ішкі нарықта 52,5 млн литр шырын сатылды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 2,4%-ға аз. Әр айға шаққанда шамамен 10,5 млн литр. Осылайша, бір қазақстандыққа айына орта есеппен 0,55 литр шырыннан келеді.

Құралай Құдайберген
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу