Биылғы бидайдың сапасы қандай

804

Биыл элеваторлардың астық қабылдауға дайындығы жоғары, жұмыс үзіліссіз жүріп жатыр. Бұл жиналған егінді сақтау үшін жеткілікті. 

Биылғы бидайдың сапасы қандай

Республикада астық сақтаудың жалпы сыйымдылығы 29 млн тоннаны құрайды. Жаңа егіннің сапасы да жақсы. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Ауыл шаруашылығының бірінші вице-министрі Айдарбек Сапаров осындай мәліметтермен бөлісті, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

"Соңғы бес жылда астық сапасы мұндай болмаған. Бүгінгі таңда лицензияланған элеваторларға 2,6 млн тонна астық келіп түсті, оның 91%-ы жоғары сапалы, яғни бірінші, екінші, үшінші санатты астық, ал 2020 жылы бұл көрсеткіш 83% деңгейінде болды. Ал 2019, 2018 жылдары – одан да төмен, шамамен 60% төңірегінде еді. Құрамында желімтігі жоғары бидай үлесінің айтарлықтай өсуі байқалады. Сапалы тазалаудан басқа, жем дайындауды міндеті тұр. Бүгінгі таңда бұл міндет іс жүзінде орындалды. 23,4 млн тоннаға жуық шөп (98%), 1,5 млн тоннадан астам пішен (99%), 1,2 млн тонна сүрлем (60%), 3,5 млн тоннаға дейін сабан (73%) дайындалды. Шөп дайындау жұмыстары қазан айының ортасында аяқталады", – деді вице-министр. 

Айта кетейік, биыл жемшөп дайындау мәселесі аса өзекті. Барлық мәселелер апта сайынғы аппараттық отырыстарда талқылануда.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу