Биылғы егіннің сапасы қандай екені белгілі болды

380

Солтүстік өңірлерде астық жинау науқаны әлі аяқталған жоқ. 

Биылғы егіннің сапасы қандай екені белгілі болды Фото: inbusiness.kz

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Кенжеханұлы биылғы жиналатын астықтың сапасы қандай екенін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Қазіргі таңда егін жинау науқаны жалғасып жатыр. Шамамен 89 пайыз астық егістігі жиналды. Жалпы өнім 21 млн тоннадан асады, егін өнімділігі – гектарына 14,8 центнер. Оңтүстік өңірлер астық жинау науқанын аяқтады. Солтүстік аймақтарда әлі жүріп жатыр", - деді вице-министр Сенат кулуарында.

Тілшілер спикерден егіннің сапасы қандай екенін нақтылады.

"Сапасы әртүрлі. Бүгінде алынатын астықтың 60-70 пайыздан астамының сапасы жақсы", - деп жауап берді Ермек Кенжеханұлы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу