Биылғы егіс алаңы 23,4 млн гектарды құрайды

Бұл 2022 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 68,6 мың гектарға көп.  

Биылғы егіс алаңы 23,4 млн гектарды құрайды Фото: primeminister.kz

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында көктемгі егіс жұмыстарына дайындық мәселелері қаралды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеевтің хабарлауынша, биылғы егіс алаңы жалпы 23,4 млн гектарды құрайды.

"Бұл 2022 жылғы көрсеткіштен салыстырғанда 68,6 мың гектарға көп. Алдағы уақытта дәнді және дәнді-бұршақты дақылдардың егіс алаңдарын 117 мың гектарға, азықтық дақылдар алаңдарын 36,5 мың гектарға және қант қызылшасы алаңдарын, 6,7 мың гектарға ұлғайту көзделіп отыр", – деді министр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу