Биылғы егіс науқанын қаржыландыруға 60 миллиард теңге көлемінде несие берілді

782

Еліміздің барлық өңірінде көктемгі егіс науқаны аяқталды.

Биылғы егіс науқанын қаржыландыруға 60 миллиард теңге көлемінде несие берілді

Биылғы егін егу науқанын жүргізу үшін шамамен 2,5 млн тонна тұқым пайдаланылған. Бұл туралы бүгін ҚР үкіметінде өткен баспасөз мәслихатында ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Айдарбек Сапаров айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Науқан кезінде шаруаларға шамамен 300 мың тонна тыңайтқыш берілген. Бұл жоспарланған көлемнің 62 пайызына тең. Жалпы биыл 471 мың тонна тыңайтқыш пайдаланылмақ.

Айдарбек Сапаровтың сөзінше, биылғы егіс науқанына 147 мың – трактор, 4 мың – өнімділігі жоғары егіс кешені, 79,5 мың – соқа, 249 мың жер өңдеуге арналған қондырғы пайдаланылған. Бұл өткен жылғы техникалар паркінен 300 егіс кешеніне және 4 мың тракторға артық.

Сонымен қатар наурыз-маусым айларында егін егуге 380 мың тонна дизель отыны бөлінген. Оның бағасы литріне 176 теңге. Бұл нарықтық бағадан 10 пайызға төмен. Оның 88 пайызын облыстар кәдеге жаратып үлгерген.

"Көктемгі егіс науқанын қаржыландыру үшін 60 млрд теңге көлемінде бюджеттік несие берілді. Бұл ретте "Аграрлық несие корпорациясы" арқылы 2 мыңға жуық ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші қаржыландырылды. Сондай-ақ "ҚазАгро" холдингінің қаражаты есебінен 10,1 млрд теңгеге 269 шаруашылық несие алған", – деді Айдарбек Сапаров.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу