Биылғы егіс науқанына 60 млрд теңге қарастырылған

825

Биылғы егіс науқанына 60 млрд теңге қарастырылған

Биылғы көктемгі егіс және күзгі жиын-терім жұмыстарына мемлекет бюджетінен "ҚазАгро" холдингі құрылымы арқылы 60 млрд теңге қысқа мерзімді қарыз берілді, деп хабарлады холдингтің баспасөз қызметі.
Бюджеттік қаражаттардан басқа "ҚазАгро" ұлттық холдингі жылдың аграрлық шараларын басқа да қаржыландыру көздері есебінен қолдайды. Мысалы, 2016 жылы егістік және егін жинау науқанына холдинг бюджеттік несиені есепке алып 114,9 млрд теңге, 2015 жылы  – 101,3 млрд теңге бағыттады.
АШТӨ мемлекеттік қаржыландырумен көптеп қамтуға қол жеткізу үшін алғашқы кезекте қаржыландыру өткен жылдағы сияқты ауылшаруашылық кооперативтеріне берілетін болады.
Бұдан басқа, мемлекеттік қаражатты пайдаланудың тиімділігін жоғарылату және отандық қайта өңдеуші кәсіпорындардың жүктемесін арттыру мақсатында дақылдардың басымдықтарын есепке ала отырып, қаржыландыру механизмі енгізіледі, яғни Ауыл шаруашылығы министрлігі  айқындаған дақылдар қатары бірінші кезектегі тәртіпте қаржыландырылады. Әңгіме майлы (күнбағыс, рапс, зығыр, соя), арпа, қант қызылшасы, күріш, мақта, сұлы, картоп туралы болып отыр.
Көктемгі-егіс және жинау жұмыстарын жүргізуді несиелеу келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылатын болады:
• "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ филиалдық желісі арқылы банк кепілдігін беру арқылы ауылшаруашылық тауар өндірушілерін тікелей қаржыландыру;
• Кейіннен ауылшаруашылық кооперативтері мен ауылшаруашылық тауар өндірушілерін қаржыландыру үшін екінші деңгейлі банктерді қорландыру.
• Несие серіктестіктері, шағын қаржы ұйымдары және Өңірлік инвестициялық орталықтар арқылы ауылшаруашылық тауар өндірушілерін қаржыландыру.
Бюджеттен тыс көздер есебінен қосымша көктемгі-егіс және жинау жұмыстарын жүргізу үшін ауылшаруашылық техникасын сатып алуды қаржыландыруға "ҚазАгроҚаржы" АҚ арқылы шамамен 35 млрд теңге бағыттау жоспарланады.  
 "ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ  оның құрамына кіретін компаниялардың инвестициялық активтерін тиімді басқаруды қамтамасыз ету арқылы Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенін дамыту жөніндегі мемлекеттік саясатты жүзеге асырады. Холдингтің құрамына: "Азық-түлік келісім шарт корпорациясы" ұлттық компаниясы" АҚ, "ҚазАгроҚаржы" АҚ, "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ, "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" АҚ, "ҚазАгроӨнім" АҚ, "ҚазАгроМаркетинг" АҚ, "ҚазАгроКепіл" АҚ кіреді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу