Биылғы елімізде 14,3 мың көлік шығарылды

1327

Бұл бір жыл бұрынғыдан 10%-ға дерлік артық.  

Биылғы елімізде 14,3 мың көлік шығарылды

Биылғы жылдың алғашқы екі айының қорытындысы бойынша Қазақстан экономикасының өсу қарқыны 3,5%-ға дейін артты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі finprom.kz-ке сілтеме жасап. 

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров машина жасау саласында серпінді өсімі қамтамасыз етілгенін атап өтті. Атап айтқанда көрсеткіш 9,2%-ға артқан, оның ішінде автомобиль өнеркәсібінде – 10,2%-ға.

Соңғы жылдары елде автоөндіріс саласы қарқынды дамуда. Мәселен, биылғы жылдың екі айының қорытындысы бойынша салада ақшалай түрде 133,6 млрд теңгенің өнімі өндірілді (бір жыл бұрын – 93,5 млрд теңге). Бұл қазірдің өзінде Қазақстан Республикасының машина жасау сегментіндегі жалпы өнім көлемінің 38,4%-ды құрайды.  

Салыстырар болсақ, жалпы 2021 жылдың соңында бұл көрсеткіш 32,1%-ды құраса, бес жыл бұрын, 2016 жылдың соңында небәрі 9,9%-ды құраған. Өз кезегінде, машина жасау саласының өзі 2021 жылдың соңында Қазақстан Республикасының өңдеу өнеркәсібінің жалпы өнімінің 14%-ға жуығын қамтамасыз етті, бұл бес жыл бұрын 9,4% ғана еді. 

Жалпы алғанда, 2021 жылдың қорытындысы бойынша автомобильдер, тіркемелер және жартылай тіркеме көліктер секторындағы өндіріс құндық мәнде бірден рекордтық 739,1 млрд теңгені құрады. Саладағы өнеркәсіп өндірісінің өсімі жыл қорытындысы бойынша өте маңызды 24,3%-ға жетті.

Ал машина жасау саласында өндіріс өсімі 20,4%, өңдеу өнеркәсібінде – 5,5%, жалпы өнеркәсіп саласында – бар болғаны 3,8% болды.

Осылайша, бүкіл әлемде "коронадағдарыс", жаһандық логистикалық және сектордың басқа да күрделі мәселелеріне қарамастан, отандық машина жасау саласы біртіндеп дамып келеді.

Биылғы жылдың екі айында елімізде 14,3 мың көлік, тіркеме және жартылай тіркеме шығарылды, бұл бір жыл бұрынғыдан 10%-ға дерлік артық.  Олардың ішінде тікелей жеңіл автокөліктер – 12,4 мың (жылына 7,2% артық).

Жалпы, өткен жылдың қорытындысы бойынша сектордағы өнім бірден 93,5 мың техника бірлігін құрады, бір жыл ішінде көрсеткіш 20,8%-ға артты. Бұл  қазақстандық автомобиль өнеркәсібі үшін жаңа рекорд. Сонымен қатар 80,7 мың дана жолаушылар вагондары шығарылды, бұл былтырғы жылдан 24,5%-ға жоғары. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу