Биылғы қаңтар-наурызда өнеркәсіп өндірісі 3,2 пайыз өсті

852

Осы жылдың І тоқсанында экономиканың өсуі жалғасып, жекелеген өңдеу секторлары екі таңбалы өсуге шыққан, инвестициялар мен құрылыс айтарлықтай өскенін айтты.

Биылғы қаңтар-наурызда өнеркәсіп өндірісі 3,2 пайыз өсті

Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды primeminister.kz.

"Қаңтар-наурызда жалпы ішкі өнімнің өсуі 3,8% дейін нығайды. Қаңтар-ақпанда ол 3,5% құраған. Өсудің үдеуіне өңдеу өнеркәсібі мен сондай-ақ құрылыс және инвестициялардағы өсу әсер етті", – деді Руслан Дәленов.

Биылғы қаңтар–наурызда өнеркәсіп өндірісі 3,2% өсті. Өңдеу өнеркәсібінің көптеген салаларында екі таңбалы өсу байқалды. Бұл – жеңіл өнеркәсіп, сусындар және пластмасса бұйымдарын өндіру, құрылыс материалдарын шығару, сондай-ақ машина жасау, оның ішінде автокөлік жасау.

Құрылыс жұмыстарының көлемі 8,9% артқан. Ауыл шаруашылығы тұрақты өсу қарқынын сақтап тұр – өндіріс көлемі 3,6% ұлғайды. Көрсетілетін қызметтер саласында өсудің орнықтылығы сақталуда. Есепті кезеңде ол 3,7% өсті. Көрсетілетін қызметтер сегментіндегі өсім көшбасшысы – сауда саласы. Оның өсімі 7,2% деңгейінде тіркелді. Ал көлік саласында өсім 4,4% құрапты.

Сыртқы сауда айналымы жағымды үрдіс көрсетуді жалғастыруда. Биылғы қаңтар–ақпанда ол 7,5% ұлғайды және негізінен экспорттың 11,1% ұлғаюының есебінен болды.

Ұлттық экономика министрі баяндамасын аяқтай отырып, көптеген көрсеткіштер бойынша І тоқсан қорытындысы бойынша жақсару байқалатынын айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу