Биылғы "Қазақстан барысына" Петропавлдан қатысатын балуандар анықталды

966

Петропавлда қазақ күресінен "Қызылжар Барысы – 2019" облыстық турнирдің ақтық ойыны өтті.

Биылғы "Қазақстан барысына"  Петропавлдан қатысатын балуандар анықталды

Петропавлдағы А.Винокуров атындағы спорт сарайында өткен "Қызылжар Барысы – 2019" облыстық турниріне биыл 30 балуан қатысты. Олар – қалалық, аудандық жарыстардың жеңімпаздары, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Турнирге 18 жастан асқан және 90 келі салмақтан жоғары балуандар қатыстырылды. Ең ересек спортшының жасы елуден асқан.

Ойын қызықты, әрі тартысты өтті. Нәтижесінде, "Қызылжар Барысы – 2018" чемпионы Мұхит Тұрсынов биыл жеңімпаз атағын сақтап қала алды. 32 жастағы Мұхит – қазақ күресінен екі дүркін әлем чемпионы, "Қазақстан Барысы – 2014" турнирінің жеңімпазы. 

Кәсіби балуанға 500 мың теңгенің сертификаты мен чемпионның алтын белбеуін облыс әкімі Құмар Ақсақалов табыс етті.

Екінші орын мен 300 мың теңге – Ернар Бегайдаровқа, үшінші орын мен 200 мың теңгенің сертификаты Алтынбек Аусағитовке бұйырды.

Енді ең мықты деп танылған 2 жеңімпаз Нұр-Сұлтанда өтетін республикалық "Қазақстан барысы" турниріне жолдама алады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу