Биылғы көктемгі егіс жұмысына 60 млрд теңге бөлінді

529

Биылғы көктемгі егіс жұмысына 60 млрд теңге бөлінді

Биыл мемлекет АӨК-тің 1 500 субъектісіне көктемгі егіс және оны жинау жұмысын жүргізуге 6% мөлшерлемемен қаржы бөледі. Мұны премьер-министр Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен үкімет отырысында ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Қайрат Айтуғанов айтты, деп хабарлайды үкімет басшысының баспасөз қызметі.

Осы жылы көктемгі егіс және оны жинау жұмысына бюджеттен 60 млрд теңге несие бөлінген, бұл тұста ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер үшін шекті мөлшерлеме жылына 6%-дан аспайды.

"Осы қаражат аясында АӨК-тің 1 500 субъектісі қаржыландырылып, 3,0 млн га егіс алқабы қамтылады. 13 наурызға дейін 51,2 млрд теңгеге өтінім түскен, 4,4 млрд теңгенің өтінімі мақұлданды", – дейді вице-министр.

Қайрат Айтуғановтың айтуынша, 2017 жылы субсидияланған минералды тыңайтқышты қолданудың жоспарлы көлемі – 277 мың тонна, бөлінетін субсидия – 13,1 млрд теңге.

"Жалпы республикада ауыл шаруашылығы техникасын даярлау қарқыны өткен жылғымен бірдей. 2017 жылдың 15 наурызына дейін тракторлардың дайындығы – 86%, тұқым сепкіш – 89%, қопсытқыш – 91%, тұқым сепкішті толтырғыш – 91% дайын", – дейді вице-министр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу