2017 жылғы маусымда азық-түлік тауарларының бағасы 2016 жылғы маусыммен салыстырғанда 9,7 пайызға өсті, деп хабарлайды ҚР ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі.
Баға кофе, шай және какаоға 20,5%, жемістер мен көкөністерге – 17,3%, кондитерлік өнімдерге – 11,8%, алкогольді ішімдіктерге – 9,3%, тоқаш және ұн өнімдеріне – 8,6%-ға, сүт өнімдеріне – 8,4%, балық және теңіз өнімдеріне – 7,6%, нанға – 7,4%, ұнға – 5,5%, май және тоң майға – 3,8%, макарон өнімдеріне – 3,3%, қантқа – 1,1%-ға, жоғарылады, ал жармалар – 2,1%-ға төмендеді.
Аталған кезеңде ет және ет өнімдері бағасының өсімі 10,3%-ды құрады. Сиыр етіне баға деңгейі 12,9%, қой етіне – 12,1%, құс етіне – 11,6%, шошқа етіне – 9%, жылқы етіне – 7,1%, шұжық өнімдеріне – 5,6%-ға жоғары болды.