Биылғы оқу жылына 88 мың грант бөлінді

1035

Ғылым және жоғары білім министрлігі 2023 жылы қанша білім гранты бөлінгенін айтты, деп хабарлайды  inbusiness.kz.

 Биылғы оқу жылына 88 мың грант бөлінді Фото: almaty.tv

Биыл 18 мамырда 2023 жылдағы негізгі ҰБТ басталды және ол 5 шілдеге дейін жалғасады.

"Гранттарға келетін болсақ. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің барлық деңгейінде оқуға бөлінген білім беру гранттарының жалпы саны - 88 мың. Олардың ішінде:

·       бакалавриатқа 73 000 грант бөлінді;

·       магистратураға - 13 мың;

·      докторантураға - 1890 грант", деді ОКҚ брифингінде ҚР ғылым және жоғары білім вице-министрі Қуаныш Ерғалиев.

Ол 13-20 шілде аралығында грантқа құжаттарды қабылдау, ал грант иегерлері тізімін 10 тамызға дейін орналастыру жоспарланып отырғанын айтты. Жоғары оқу орындарына қабылдау 25 тамызға дейін жүргізіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу