Астана әкімдігінің жанындағы комиссиясының шешімі бойынша Астана әкімінің грантына 47 түлек ие болды, оның ішінде жетім балалар, балалар үйінің тәрбиеленушісі, мүгедектер, ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалар, көпбалалы отбасыдан шыққан балалар бар, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Әкімнің білім алу гранты сұранысы көп мамандықтарды оқыту үшін бөлінді. Әсіресе техникалық, педагогикалық және медициналық бағыттарға басымдық берілді. Астана әкімдігінің жанындағы комиссия шешімінің қорытындысы бойынша 47 түлек грант иесі атанды. Оның ішінде жалпы білім беретін мектептегі жетім балалар, балалар үйінің тәрбиеленушісі, бала кезінен мүгедектер, ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалар, көпбалалы отбасыдан шыққан балалар.
Қорытынды бойынша 17 адам С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде оқитын болды, 7 адам – "Астана" медицина университетінде, 1 түлек Тұран Астана университетінде, 14 адам Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетінде, 4 түлек Қазақ технология университетінде және Еуразия гуманитарлық институтында жоғары білім алады.
Айта кетейік, осы оқу жылы бірінші рет ЖОО-ларда жаңа мамандық пайда болды, ол құрылыста 3D таңбасын жобалаушы, компьютерлік жүйенің талдаушысы және әзірлеуші (разработчик), web- дизайнер және ландшафт дизайнері.
Әлеуметтік көмекті Астанадағы жоғары оқу орындарына әкімдік жыл сайын ұсынып отырады. Осы мақсатта биыл 58,8 млн теңге қарастырылды. Бүгінге дейін әкімнің жалпы білім беру грантымен 125 студент оқиды.