Биылғы шомылу маусымында суға бата жаздаған 328 адам құтқарылды – ҚР ТЖМ

591

Биылғы жылғы жаз мезгіліндегі шомылу маусымында ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары 328 адамды құтқарды, олардың ішінде 61 бала бар, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Биылғы шомылу маусымында суға бата жаздаған 328 адам құтқарылды – ҚР ТЖМ

Адамдардың судағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ТЖМ барлық деңгейдегі орталық және жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимыл жасай отырып, суда төтенше жағдайлардың туындау қаупін азайту бойынша ұйымдастырушылық және практикалық іс-шаралар кешенін алдын ала бастады және үздіксіз өткізді.

Шомылуға рұқсат етілген 538 орын анықталды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 93 орынға көп.

ТЖМ жергілікті атқарушы органдармен және жекеменшік объектілермен бірлесіп, 454 құтқару және 66 медициналық бекет құрды. Аса қауіпті учаскелерде 59 мобильді құтқару бекеті қойылды.

Су айдындарында 6655 қауіпсіздік белгісі және 1656 ақпараттық стендтер орнатылды, онда адамдардың қаза болу себептері мен оқиғаларға ықпал еткен жағдайлар жазылған.

Тұрғындар арасында 1 млн 139 мың 935 дана үгіт өнімі (буклеттер, парақшалар) таратылды, халықпен 5314 жиын өткізілді.

Жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимыл бойынша 32085 бала жүзуге үйретілді.

Алдын алу жұмыстарына 17943 волонтер тартылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу