Биылғы суға шомылу маусымында 159 адам қайтыс болды

1132

Судағы қауіпсіздік ТЖК ерекше бақылауында.  

Биылғы суға шомылу маусымында 159 адам қайтыс болды

Осы жылдың басынан еліміздің су айдындарында 109 адам, оның ішінде 24 бала құтқарылды. Ал суға шомылу маусымы басталғаннан бері (1 маусым) 87 адам, оның ішінде 16 бала құтқарылды.

Мәселен, өткен демалыс күндері Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы Ертіс өзенінде құтқарушылар 1991 туған ер адамды құтқарды. Сондай-ақ Алтай ауданының Бұқтырма су қоймасында құтқарушылар "Бипек Авто" АҚ Өрт сөндіру катерін тарта отырып "Голубой залив" демалыс базасына екі үрмелі қайықпен сырғанап, желдің салдарынан өз бетімен жағалауға қайтып келе алмаған 10 адамды, оның ішінде 4 баланы жеткізілді.

Сонымен қатар, адамдар өз күштерін жете бағаламай, өзінің бейқамдылығына байланысты суға шомылуға арналған жабдықталған орындарда суға батады. Әрбір адам суға шомылатын су айдынының қауіпті орындары мен ерекшеліктерін білуі тиіс, өйткені жабдықталмаған жерлерде үйінділер, суға батырылған бөренелер, темір кесектері, шыны және басқа да заттар болуы мүмкін. Жақын келе жатқан катерлерге, кемелерге және моторлы қайықтарға жүзу өте қауіпті, себебі жүзу құралдарының түбіне жақын жүзіп бара жатқан адамның суын созған жағдайлар орын алды.

Биылғы суға шомылу кезеңінде (осы жылдың 1 маусымынан 26 шілдесіне дейін) жалпы саны 159 адам (2019 жылы 204) қайтыс болған. Оның 47 – бала (2019 жылы 70 бала). Сондықтан да ата-аналар демалыс кезінде балаларының қауіпсіздігіне ерекше мән беруі керек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу