Биылғы тоғыз айда Астана қаласының экономикалық көрсеткіштері жоғарылады

679

Қаланың экономикалық көрсеткіштерінің Республика ЖІӨ-дегі көлемі 9%-ды құрайды.

Биылғы тоғыз айда Астана қаласының экономикалық көрсеткіштері жоғарылады Фото: inbusiness.kz

Астана дамуының негізгі индикаторы- Жалпы Өңірлік Өнім көлемі 2022 жылдың бірінші жартыжылдығында 3,6 трлн теңгені құрады. Бұл туралы Астана қалалық Экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының басшысы Қайсар Маңқараев мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі. 

Қайсар Маңқараевтың дерегінше,  2021 жылдың бірінші жарты жылдығымен салыстырғанда 3,1% өсім көрсеткен. Аймақтың Республика ЖІӨ-дегі көлемі 9%-ды құрайды. "Өндірістік өнеркәсіп көлемі  2022 жылдың тоғыз айында 1,3 трлн теңге болды, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өсім 1,7%-ды құрады. Өсім өңдеу өнеркәсі дамуы есебінен қалыптасқан.  Астана экономикасына биылғы тоғыз айда  863,5 млрд теңге инвестицияланған.  Бұл өткен жылғы көрсеткіштен (731,1 млрд теңге)  11,7%-ға көп.  Оның ішінде шаруашылық субъектілерінің өз қаражаты 76,9%-ті құрайды", деді Қайсар Маңқараев. 

Спикердің айтуынша елорданың экономикалық дамуының қомақты үлесі шағын және орта бизнестің еншісінде. Бұл үрдістің тоқтамауы үшін Астана әкімдігі барлық мүмкіндікті қарастырмақ.  Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жобаны жүзеге асыру арқылы елорда әкімдігі 2025 жылға қарай шағын және орта бизнестің қала экономикасындағы үлесін 60%-ға дейін жеткізуді көздеп отыр. 

Халықтың әл-ауқатын жақсарту, өмір сапасын арттыру мақсатында денсаулық сақтау, білім беру, жұмыссыздық деңгейін төмендету бағытындағы жұмыстар жалғасын табады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу