Биылғы түлектердің 72%-ы ҰБТ тапсырып үлгерді

1016

ҰБТ-ға қатысуға 131мыңнан адам ниет білдірген еді, оның ішінде 111 113 – биылғы оқу жылының мектеп түлегі.  

Биылғы түлектердің 72%-ы ҰБТ тапсырып үлгерді

Білім және ғылым министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, ҰБТ-ға қатысуға 131мыңнан адам ниет білдірген еді, оның ішінде 111 113 – биылғы оқу жылының мектеп түлегі. Осы түлектердің 72%-ы ҰБТ тапсырып үлгерді.

1 шілде күні жоспарға сәйкес осы жылғы мектеп түлектерінің соңғы легі ҰБТ тапсырады, осылайша 2019-2020 оқу жылының мектеп түлектеріне ҰБТ аяқталады.

21 маусым мен 1 шілде аралығында ҰБТ тапсыратындар үшін кесте өзгермейді.

12 мыңнан астам алдыңғы жылдардың мектеп және колледж түлектері ҰБТ-ны 2,3,4 шілдеде емес, одан ертерек, 28, 29, 30 маусымда сағат 15:00-де тапсыратын болады. Олардың рұқсатнамалары жарамды, ауыстырудың қажеті жоқ.

Егер тест тапсырушы өзінің ҰБТ тапсыру пунктіне келіп үлгермесе, info@testcenter.kz электрондық поштасына өтініш жазуы керек.

Өтініш қысқа мерзімде қаралып, ол бойынша жақын жерде орналасқан облыс орталығында тапсыруға мүмкіндік беру жөнінде шешім қабылданатын болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу