Биылғы жазда Қазақстанға 448 мың турист келген

396

Олардың 64,6%-ы - ер азаматтар.

Биылғы жазда Қазақстанға 448 мың турист келген Фото: inbusiness.kz

eQonaq ақпараттық жүйесінің дерегі бойынша, жаздың үш айында елімізге 448 мың шетелдік турист келді. Олардың 64,6%-ы - ер азаматтар. Ал шетелдік қонақтардың басым бөлігі 30-44 жас аралығында, деп хабарлайды inbusiness.kz ҚР Спорт және туризм министрлігіне сілтеме жасап.

Туризм және спорт министрлігінің мәліметінше, шетелдіктер ең көп тоқтаған өңірлердің көшін Алматы қаласы бастап тұр. Оңтүстік астанамызға 139 мыңнан астам турист келген. Екінші орында Астана қаласы. Елордаға жазғы маусымда 68 мың шетелдік қонақ тоқтаған. Үздік үштікті Алматы облысы жапты. Мұнда 34 мыңға жуық шетелдік саяхаттап келген.

Шетелден келген туристер еліміздің батысына да жиі барған. Мысалы, жаздың үш айында Маңғыстау облысына 28 мыңнан астам шетел азаматы келсе, Атырау облысына 25 мыңнан артық шетелдік турист тоқтаған.

Сонымен бірге Ақмола облысына 21 мыңға жуық, Жамбыл, Ақтөбе, Қарағанды мен Солтүстік Қазақстан облыстарына 14 мыңнан астам шетелдік турист келген.

"Жалпы алғанда жыл басынан Қазақстанға келген шетелдік туристер саны 1,8 есе артып отыр. 2023 жылдың соңына дейін елімізге 1,4 млн шетелдік турист келеді деген болжам бар",- деді ҚР Туризм және спорт министрлігінің ресми өкілі Мөлдір Әбдуалиева.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу