Биылғы жазда табиғи өрттердің болу қаупі жоғары – ТЖМ

183

Бүгінде елімізде 27 орман өрті және 122 дала жануы тіркелді.

Биылғы жазда табиғи өрттердің болу қаупі жоғары – ТЖМ Фото: Pixabay.com

 

Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов Үкімет отырысында өрт қауіпті кезеңге дайындық мәселесі туралы баяндады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.  

"Әр өңірде ірі өрттермен күресу үшін күштер мен құралдар топтамасы дайындалды. Жалпы саны республика бойынша шамамен 50 мың адам және 10 мыңнан астам техника. "Қазавиақұтқару" авиациясының 19 борты тұрақты дайындық режимінде тұр, оның 9-ы су төгетін құрылғылармен жабдықталған. Аэровизуалды барлау үшін 120 дронд бар. Министрліктің келісімі бойынша әкімдіктер Табиғи өрттерді болдырмау жөніндегі жоспарларды бекітті", - деді ведомство басшысы.

Министрдің дерегінше, барлық өңірде орман шаруашылығы мекемелерімен 53 өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткізілді. ТЖМ оқу орталықтарында орман күзетінің 1 300 жұмысшысы оқудан өткен.

"Өрт қауіптілігі жоғары класс кезеңінде министрліктің күшімен орманшылықтарда механикаландырылған күзет ұйымдастырылатын болады. Өңірлерде профилактикалық іс-шаралар жалғасып жатыр. Бүгінде орманды дала алаптары мен демалыс орындарында мобильді топтармен өрт қағидаларын бұзғаны үшін 630 адамға айыппұл салынды. Шаруа қожалықтарын аралау практикасы жаңартылды. Болжам бойынша, жаз ыстық болады, табиғи өрттердің болу қаупі жоғары. Қазірдің өзінде елімізде 27 орман өрті және 122 дала жануы тіркелді. Олардың көпшілігі министрлік күштерінің қатысуымен жойылды, оның ішінде авиация тарту арқылы", - деді Шыңғыс Әрінов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу