2017 жыл Қазақстан экономикасы үшін күрделі болады, деп санайды ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов.
"2017 жыл еліміз экономикасы үшін күрделі болғалы тұр. Энергия көздері бағасының құбылуы, АҚШ әкімшілігінің жаңа сауда-экономикалық  саясаты, бірқатар елдегі әскери қақтығыстар мен саяси белгісіздіктермен байланысты жаһандық экономиканы сынақтар күтіп  тұр", – деді Тимур Сүлейменов жұма күні Астанада өткен үкіметтің кеңейтілген отырысында.
Отырыс мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өтіп жатыр. 
                    БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
            Ең соңғы жаңалықтар осында
            
    Жазылу
                     
                                         
                                         
                                         
                                         
                                         
                                        