Қалада тұрмыстық зорлық-зомбылық баратындарды анықтауға арналған жедел-алдын алу іс-шарасы ұйымдастырылады.
"Полиция қызметкерлері аулаларды және үй-үйді аралап, түрлі меншік нысанындағы мекемелер мен ұйымдардың ұжымдарымен кездесулер, сондай-ақ тұрғындармен жиындар өткізіп, заңнаманы түсіндіреді және оларға зорлық-зомбылыққа төзбеу керектігін айтады. Халықты хабардар ету үшін қаладағы әрбір учаскелік полиция пункттерінде телефон нөмірлері мен әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау инспекторларының деректері көрсетілген ақпараттық белгі орнатылған", - деді, Алматы қалалық ПД жергілікті полиция қызметі Басқармасы бастығының орынбасары, полиция полковнигі Диас Дуанбеков.
Сонымен қатар, тәртіп сақшылары тұрмыстық зорлық-зомбылық болған жағдайда азаматтардың қайда жүгінуге болатынын айтты.
Алматы қаласы ПД 254-40-42
Алатау ауданы бойынша 227-55-02
Әуезов ауданы бойынша 298-53-02
Алмалы ауданы бойынша 254-46-12
Бостандық ауданы бойынша 254-47-02
Жетісу ауданы бойынша 254-49-02
Медеу ауданы бойынша 254-48-02
Наурызбай ауданы бойынша 254-44-62
Түрксіб ауданы бойынша 298-54-02 немесе 102.