Биылғы 2 айда құрылыс жұмыстарының көлемі 356,6 млрд теңгені құрады

242

 Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 12,7% артық. 

Биылғы 2 айда құрылыс жұмыстарының көлемі 356,6 млрд теңгені құрады Фото: Inbusiness.kz

Республикадағы құрылыс жұмыстарын орындаушылар:

  •   жеке ұйымдар – 70,9%
  •   шетелдік ұйымдар – 26,4%
  •   мемлекеттік ұйымдар – 2,7%

2024 жылғы қаңтар-ақпанда орындалған құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) түрлері бойынша ең көп үлесті тұрғын емес ғимараттарды (жалпы көлемнің 29,2%) және тұрғын үйлерді (11,9%) салу бойынша жұмыстар алып отыр.

2024 жылдың қаңтар-ақпан айларында пайдалануға берілген жаңа нысандардың жалпы ауданы 2 336,9 мың м2 құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 0,3% аз.

Жыл басынан бері 4 327 нысан пайдалануға берілді, олардың негізгілері:

  • Тұрғын ғимараттар – 3 946
  • Сауда нысандары – 59
  • Кеңселер – 54
  • Құбырлар, байланыс желілері – 46
  • Қонақ үй, мейрамхана тектес нысандар – 41
Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу