Биылғы жылдың 9 айында 531 мың тонна май өндірілді

168

Өсімдік майы өндірісіне 80 кәсіпорын қатысады, олардың жалпы қуаттылығы 3,3 млн тоннаны құрайды.  

Биылғы жылдың 9 айында 531 мың тонна май өндірілді Фото: canva.com

2023 жылы 672 мың тонна өсімдік майы өндірілді. 2022 жылмен салыстырғанда 4,3%-ға артық, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

"Біз ішкі қажеттілікті отандық өндіріс арқылы 183% қамтамасыз етеміз. Жыл басынан бері 531 мың тонна май өндірілді", - деді ҚР АШМ Аграрлық азық-түлік нарықтары және ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу департаментінің директоры Назгүл Хатепова.

Сонымен қатар биыл өсімдік майының біршама арзандағаны байқалады. Қазақстан Республикасының ішкі нарығында осы жылдың мамыр айында өсімдік майының бөлшек сауда бағасы өткен жылдың мамыр айымен салыстырғанда 23,4%-ға арзандаған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу