3 айда 216,3 мың адам жұмыстан кеткен

851

Биылғы жылдың екінші тоқсанында 216,3 мың адам жұмыстан кеткен

3 айда 216,3 мың адам жұмыстан кеткен

Биылғы жылдың екінші тоқсанында ірi және орта кәсiпорындарға және ұйымдарға 209,3 мың адам қабылданды, түрлі себептермен – 216,3 мың адам жұмыстан кеткен, деп хабарлайды ҰЭМ статистика комитеті.

Жұмыстан кеткен қызметкерлердiң арасында тұрақтамау себептері бойынша жұмыстан босатылғандар саны - 77,1%, қызметкерлер санының қысқартылуына немесе кәсіпорынның таратылуына байланысты – 3,6%, басқа себептер бойынша 19,3% құрайды.

Биылғы жылдың екінші тоқсанында қабылдау бойынша айналым коэффициенті 7,6%,  жұмыстан босату бойынша айналым коэффициенті – 7,8%, жұмыс күшінің тұрақсыздық коэффициенті 6,0% құрады. Осы кезеңде жұмыс күшін ауыстыру коэффициенті 96,8% құрады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу