Елімізде үш айда кредит беретін 26 ұйым жұмысын тоқтатқан

798

Микрокредиттік ұйымдардың саны 2018 жылдың екінші тоқсанының аяғында 9,9% -ға (26 ұйымға) азайған, осылайша жұмыс жасауға белсенді 236 компания қалған .

Елімізде үш айда кредит беретін 26 ұйым жұмысын тоқтатқан

Микрокредиттік ұйымдардың азаюы 2014 жылдан басталды, ол кезде 661 ұйым болған еді, деп хабарлайды finprom.kz.

Бір жылдан кейін (2015 жылдың екінші жартысы) олардың саны 398-ге кеміді. Орта есеппен, ұйымдар саны жылдан-жылға 16,3% -ға қысқарып отыр.

Алматы - микрокредиттік ұйымдардың саны бойынша бірінші тұрған қала. Мегаполисте осы секторда жұмыс iстейтiн 50 компания бар, бұл жалпы нарықтың 21,2% -ын құрайды. Содан кейінгі орында Шымкент тұр, мұнда компаниялардың 13,1 пайызы - 31 ұйым бар. Келесі орында келе жатқан Алматы облысы мен Астана қаласында микрокредит ұсынатын 18 ұйым жұмысын жүргізуде.

Биылғы жылдың екінші тоқсанында берілген кредиттердің жалпы саны  192,5 мың, сомасы - 70,8 млрд тг. Микрокредиттік ұйымдардың саны кемігеніне  қарамастан, берілген кредиттер саны соңғы 2 жылда тұрақты қарқынмен өскен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу