Биылғы жылдың қаңтар-ақпан айларында елімізде әуе компаниялары 1,8 млн адамды тасымалдады

Бұл бір жыл бұрынғыдан бірден 53,9%-ға артық.  

Биылғы жылдың қаңтар-ақпан айларында елімізде әуе компаниялары 1,8 млн адамды тасымалдады Фото: google

Ең жоғары көрсеткіштер Алматы қаласында (569,6 мың адам, бір жылда минус 28,7%) тіркелді. Одан кейін Астана (466,4 мың адам) мен Шымкент (181,7 мың адам) келеді.

 Жолаушылар айналымы 3,6 млрд пкм құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 94,9%-ға артық.  2023 жылдың қаңтар-ақпан айларында әуе көлігімен жүк пен багажды тасымалдау 3,8 мың тоннаны құрады, бұл бір жыл бұрынғыдан 39,2%-ға артық.  Оның 2,2 мың тоннасы Алматыға, 1,1 мың тоннасы Шымкентке, 0,5 мың тоннасы Астанаға тиесілі.

 Қаңтар-ақпан айларында жүк айналымы 8,2 млн ткм құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 42,4%-ға артық.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу