Короновирус инфекциясынан қауіптенген қазақстандықтар дүкен сөрелерін босатып жатыр. Олар шекараның жабылуына байланысты елде азық-түлік тапшылығы болуы мүмкін деп қауіптенеді. Осыған орай Оның сөзінше, сұранысты қанағаттандыратын азық-түлік қоры жеткілікті.
"Қазақстан азық-түлікпен толық қамтамасыз етілген. Қажетті азық-түлік қоры жарты жылға жетеді", – деді үкімет басшысының орынбасары.
Ералы Тоғжанов алда келе жатқан наурыз мерекесі жайлы да пікір білдірді.
"Наруыз мерекесін тойлау – дәстүр. Наурыз – үлкен мереке. Алайда адамдардың қауіпсіздігі маңызды. Біз адамдарға жиналмаңдар, бас қоспаңдар, тойламаңдар деп айта алмаймыз", – деді үкімет басшысының орынбасары.
Бұған дейін Ералы Тоғжанов мектеп оқушылары каникулға мерзімінен бұрын шығатынын және колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттері 16 наурыздан бастап қашықтықтан оқытылатынын мәлімдеді.
"Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының коронавирусты пандемия деп жариялауына байланысты Президенттің пәрменімен үкімет деңгейінде шұғыл шаралар жоспары қабыланды. Денсаулық сақтаумен білім беру нысандарында және барлық қоғамдық орындарда күшейтілген санитарлық дизенфекциялық режим орнатылады. Қарттар мен мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған медициналық-әлеуметтік нысандарға, әлеуметтік-оңалту орталықтарына, мүгедек балаларға арналған оқу орындарына баруға тыйым салынып, күшейтілген санитарлық режим енгізіледі. Каникул кезінде мектеп оқушыларына өңірден тыс жерлерге экскурсия ұйымдастыруға тыйым салынады", – деді вице-премьер.
Ералы Тоғжановтың сөзінше, сақтық шараларын күшейту мақсатында орта білім беру ұйымдарының оқушылары каникулға 16 наурыз бен 5 сәуір аралығында шығады. Ал колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттері 16 наурыздан бастап қашықтықтан оқытылады.
Қанат Махамбет