Біз әрбір мәселені жіті бақылаудамыз – ЕҚЫҰ/ДИАҚБ бақылаушылар миссиясының басшысы

Қазақстанның барлық аймақтарында аталған ұйымның 350-ге жуық бақылаушысы жұмыс істейді.

Біз әрбір мәселені жіті бақылаудамыз – ЕҚЫҰ/ДИАҚБ бақылаушылар миссиясының басшысы Фото: armenpress.am

Бұл туралы ЕҚЫҰ Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросының сайлауды қадағалау миссиясының жетекшісі Оуэн Мерфи мәлімдеді.

"Біз ақпан айында мониторингті бастадық.  Содан бері біз әрбір мәселені назарға алып, қадағалап келеміз.  Қазақстанның барлық аймақтарында 350-ге жуық бақылаушымыз жұмыс істейді. Осы айдың соңына дейін осында боламыз. Өйткені, сайлаудан кейін арыз беруіміз мүмкін болады. Біз осы мәселелерді тәуелсіз зерттеу бойынша жұмысты жалғастырамыз", - деді Оуэн Мерфи.

Оның айтуынша, ертең сайлау процесінің алдын ала қорытындылары шығарылады.

 "Ертең біз ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясымен бірлесе отырып, жұмысымыздың алғашқы нәтижелерін жариялаймыз. Қазір әр өңірдегі бақылаушыларымыз жедел ақпаратпен бөліседі. Сондықтан алдын ала қорытындыларды ертең шығарамыз", - деп қосты Оуэн Мёрфи.

Еске сала кетсек, Қазақстанда Мәжіліс пен Мәслихат депутаттарын сайлау өтуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу