Біз бәрін жеңеміз! – Дариға Назарбаева

2508

Сенаттың жалпы отырысы мен комитет отырыстарына қатысушылардың саны шектеледі.

Біз бәрін жеңеміз! – Дариға Назарбаева

Сенат төрағасы Дариға Назарбаева елдегі төтенше жағдайға байланысты сенаторлардың жұмыс тәртібіне өзгеріс енгізілетінін мәлімдеді. 

"Төтенше жағдай кезеңінде барлық іссапарлар мен жоспарлы бұқаралық шараларға тыйым салынады. Ал заң шығарушылық жұмыс жалғасады. Біз мүмкіндігінше жалпы отырыс пен комитет отырыстарына шақыртылатын адамдардың санын шектеуіміз керек", – деді Дариға Назарбаева. 

Оның сөзінше, аппарат қызметкерлерінің 70%-дан астамы қашқтықтан жұмыс істеу режиміне ауысқан. Қалған 30%-ның жұмыс күні қысқартылған.
Дариға Назарбаева барша қазақстандықтар жақсылықтан үмітті болуға тиіс екенін тілге тиек етіп, бойдағы үрей мен күдіктен арылу қажеттігін алға тартты. 

"Бізге ертеңгі күнге сеніммен қарап, бойдағы үрей мен күдіктен арылу қажет.
Қазіргі таңда баршамыз бәрі жақсы болатыны туралы ойлап, жақсылықтан үміттенуіміз керек. Біз – талай сында шыныққан мықты халықпыз. Біз бәрін жеңеміз! Алдағы сенбі күні жарқын мерекеміз Наурыз келеді. Бұл – көктем мерекесі, жандану мен гүлдену мейрамы. Үміт пен жаңару мерекесі. Баршаңызға денсаулық пен бар жақсылықты тілеймін! Наурыз бізге бұл жылы тек бақыт алып келсін, қайғы мен ауыртпалықтан арылтсын!" – деді сенат төрағасы.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу