Біз биыл жаңа экономикалық үлгіге көше бастадық – Мемлекет басшысы

408

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды. 

Біз биыл жаңа экономикалық үлгіге көше бастадық – Мемлекет басшысы Фото: akorda.kz

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Алтын Сапа" сыйлығын табыстау рәсімінде елімізде Индустрияландыру жұмысы соңғы жылдары жоғары қарқынмен жүзеге асырылып жатқанын атап өтті, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

"Индустрияландыру жұмысы соңғы жылдары жоғары қарқынмен жүзеге асырылып келеді. Былтыр өңдеу өнеркәсібінің экспорты 26 миллиард доллардан асты. Бұл – рекордтық көрсеткіш. Өткен жылы осы салаға 1,5 триллион теңге инвестиция тартылды. Өңдеу кәсіпорындарын дамытуға барынша жағдай жасалды. Соның нәтижесінде республикалық бюджетке түсетін салық 5 есе артты. Осылайша, бизнес өкілдері мемлекеттің сенімді серіктесіне айналды. Біз биыл жаңа экономикалық үлгіге көше бастадық. Ең алдымен, экономикамызда әділдік болуға тиіс. Сондықтан бірқатар маңызды мәселеге назар аудару қажет", - деп түсіндірді Мемлекет басшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу