"Біз де адамбыз ғой": Нүкенованың ағасы Байжановты кешіруге дайын екендерін айтты

7488

Оның айтуынша, Байжанов бәрін ағасының (ред. Бишімбаевтың) ықпалымен істеген.

"Біз де адамбыз ғой": Нүкенованың ағасы Байжановты кешіруге дайын екендерін айтты Фото: Жоғарғы сот

Бұл жайлы журналистерге сот кулуарында Салтанат Нүкенованың ағасы Қайрат Нүкенов айтқан, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оның айтуынша, Байжанов бәрін ағасы Бишімбаевтың ықпалымен істеген.

"Ол бүгінгі таңда тек ағасының кесірінен тергеліп жатыр. Ол бес ай бойы тергеліп жатқаны үшін ағасына “көп рахмет” айтуы керек. Оның балалары барын білеміз. Әйелі, әке-шешесі бар. Әке-шешесімен кездестік. Өте жақсы отбасы. Маған солай көрінді. Байжанов Бишімбаев сияқты емес – ол бәрін соның ықпалымен істеген. Ол сотта шын жауап берсе, біз де адамбыз ғой – кешіруге дайынбыз", – деді Қайрат Нүкенов сот кулуарында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу