"Біз еркекпіз ғой!": Ингушетияда досын құтқармақ болған 8 жастағы баланың денесі табылды

Оның денесі бір аптадан аса уақыт бойы іздестірілді.  

"Біз еркекпіз ғой!": Ингушетияда досын құтқармақ болған 8 жастағы баланың денесі табылды Фото: Inbusiness.kz коллажы

Баланы Шешен Республикасынан келген еріктілер – Хамзат Ильясов пен Саиди Юсупов тапқан, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жаза кетейік, қайғылы оқиға Ингушетиядағы Сунжа өзенінде болған.

Хизир Дербичевтің денесі 22 маусым күні жергілікті уақытпен сағат 16:50-де, оқиға орнынан 10 шақырым қашықтықтан табылған. Осыдан соң Төтенше жағдайлар министрлігі іздестіру-құтқару жұмыстарының ресми түрде аяқталғанын жария етті.

8 жастағы батыр Хизир суға ағып бара жатқан досын құтқармақ болып: "Қане, оны құтқарайық! Біз еркекпіз ғой!" деп айқайлап, ел есінде қалған еді. Бұл – оның ең соңғы сөзі. Осы іс-әрекетімен кішкентай бала шынайы ерлік пен батырлықтың символына айналып үлгерді.

Хизир Дербичевті соңғы сапарға шығарып салу үшін зират басына он мыңдаған адам жиналған.

Жаназаға Ингушетия, Дағыстан, Шешенстан және Кавказдың өзге де аймақтарынан да келген тұрғындар саны көп болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу