"Біз инфляция қысымын төмендеттік, ал басқа елдерде әлі өсіп барады"

1254

Ұлттық экономика министрі Үкімет отырысында инфляция қысымы төмендегенін айтты.

"Біз инфляция қысымын төмендеттік, ал басқа елдерде әлі өсіп барады"

"Өткен жылдан бастап инфляцияның өсуі негізгі макроэкономикалық тенденциялардың бірі болып табылады. Инфляцияның негізгі факторы – әлемдегі азық-түлік бағасының өсуі. Бұл жаһандық пандемиядан кейін логистикалық тізбектердің қалпына келуінің әлі де жалғасып жатқанының нәтижесі саналады. Нәтижесінде, 2021 жылы әлемнің негізгі экономикаларында инфляцияның рекордтық көрсеткіштері байқалды. Қазақстанда да 2021 жылы инфляциялық жағдайдың нашарлауы сезілді. Өткен жылдың қыркүйегінде инфляция бір жыл ішінде ең жоғары мәндерге жетті. Инфляцияның жеделдеуіне азық-түлік тауарлары, оның ішінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары негізгі үлес қосты", – деді министр. 

Оның атап өтуінше, бағаның өсуін тежеу мақсатында өткен жылдың қыркүйегінде 2021-2024 жылдарға инфляцияға қарсы ден қою іс-шараларының кешені қабылданды. Ол жедел және орта мерзімді іс-шаралардан тұрады. Олар бағаның өсуін тежеуді, сондай-ақ бекітілген нысаналы дәлізде инфляция қарқынын ұстап тұруға бағытталған жүйелі іс-шараларды көздейді. 

"Іс-шаралар кешенін іске асыру қорытындылары бойынша экономикаға инфляциялық қысымды төмендетуге қол жеткізілді. Оның нәтижесінде 2021 жылғы желтоқсанда инфляция қыркүйектегі ең жоғары мәндермен салыстырғанда 0,5 пайыздық тармаққа баяулады. Ал басқа елдерде инфляция қарқыны өсу үрдісін жалғастырды", – деді Әлібек Қуантыров.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу