Біз инфляцияның бақылаусыз өсуіне тап болдық – Қасым-Жомарт Тоқаев

693

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банк пен үкіметтің инфляция алдындағы дәрменсіздігін сынға алды және инфляцияны 4-6% деңгейіндегі дәлізге қайтару қажет екенін мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz

 Біз инфляцияның бақылаусыз өсуіне тап болдық – Қасым-Жомарт Тоқаев

"Біз инфляцияның бақылаусыз өсуіне тап болдық. Ұлттық банк пен үкімет әлемдік тенденциялардың алдында әлсіз болды. Бұл сылтау ұлттық экономиканың осалдығын көрсетеді. Ұлттық банк пен үкіметтің міндеті –  инфляцияны 4-6% дәлізіне қайтару", – деді Мемлекет басшысы Қазақстан халқына жолдауында. 

Бұған дейін Ұлттық банк төрағасы елімізде инфляция 2021 жылдың соңына қарай 6-7% деңгейінде қалыптасуы мүмкін екенін хабарлаған болатын. Статистика агенттігінің мәліметінше, Қазақстанда инфляция жыл басынан бері 5,3% деңгейіне жетті. Ел аумағында 2020 жылы инфляция 7,5%-ды құрады. 

Қанат Махамбет 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу