Біз Иран халқына құрметпен қараймыз – Мемлекет басшысы

108

Мемлекет басшысы Референдум учаскесінде дауыс бергеннен кейін журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып, Қазақстанның Иран еліне қатысты ұсатынмын атады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Біз Иран халқына құрметпен қараймыз – Мемлекет басшысы Фото: Ақорда

Оның айтуынша, кез келген кикілжің бейбіт және дипломатиялық жолмен шешілуі қажет.

"Қазақстан әлемге бейбіт ел ретінде белгілі. Кез келген қақтығысты дипломатиялық жолмен шешуді жақтаймыз. Бұл – айнымас ұстанымымыз. Таяу Шығыста орын алған жағдайдың түрлі себебі бар. Мен мұны жақында өткен алқалы жиында да айтқанмын. Расында, Шығанақтағы араб елдерінің басшыларымен телефон арқылы сөйлестім, тілектес екенімді жеткіздім. Ал Иран Президенті Пезешкианның жақында елімізге ресми сапармен келгенін білесіздер. Сол кезде жақсы әсер қалдырды. Ол – зайырлы көзқарастағы адам, өзі кардиохирург. Мен оның Иран Шығанақ елдеріне шабуыл жасамайды деген мәлімдемесін құптадым", – деді Президент.

Сондай-ақ ол Иран халқы туралы жылы лебіз білдірді: "Біз Иран халқына, оның мәдениеті мен тарихына құрметпен қараймыз. Сондықтан өз ұстанымымыздан айныған жоқпыз, әрдайым бейбітсүйгіш ел болып қала береміз".

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу