"Біз қол қусырып отырмаймыз": Ким Чен Ынның әпкесі АҚШ-қа ескерту жасады

4752

АҚШ Әскери-теңіз күштерінің әуе кемесі Пусан қаласындағы операциялық базаға орналасты. 

"Біз қол қусырып отырмаймыз": Ким Чен Ынның әпкесі АҚШ-қа ескерту жасады Фото: inbusiness.kz

Кореяның Жұмыс партиясы Орталық комитеті бөлім меңгерушісінің орынбасары, Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ынның әпкесі Ким Е Чжон АҚШ-қа ескерту жасады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Корея орталық телеграфының хабарлауынша, тиісті мәлімдеме америкалық ядролық ұшақ тасығышы Carl Vinson-ның Оңтүстік Кореядағы Пусанға жақындауы аясында жасалды. Ким Е Чжонның айтуынша, түбекке америкалық атом сүңгуірлері де келген. Вашингтонның стратегиялық күштері аймақта "тұрақты деңгейде" орналасып алған, деп атап өтті ол.

"АҚШ КХДР-ның қауіпсіздік саласындағы алаңдаушылығын елемейтін және жағдайды ушықтыратын әдеттегі арандатушылық әрекеттерін тоқтатпай отыр. АҚШ Әскери-теңіз күштерінің Carl Vinson атом тасымалдаушысы 2 наурызда Пусан қаласындағы операциялық базаға кірді", - деді Ким Е Чжон.

Бұдан бөлек Ким Чен Ынның әпкесі АҚШ пен Оңтүстік Корея көптеген әскери жаттығулар өткізетінін, сондай-ақ екі елдің ядролық мәселелер жөніндегі консультативтік тобының отырыстары болатынын еске салды.

"Біз жағдайға түсініктеме беріп, қол қусырып отырмаймыз. Егер АҚШ әскери күштерді көрсетудегі рекордты жаңарта берсе, онда біз стратегиялық тежеу күштерін қолданудағы рекордты жаңартуға мәжбүр боламыз", - деді Ким Е Чжон.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу