Біз мұғалімнен қорқушы едік, қазір мұғалімдер балалардан қорқады...

6263

Мәжілісте "Кейбір заңнамалық актілерге әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы талқыланды.

Біз мұғалімнен қорқушы едік, қазір мұғалімдер балалардан қорқады... Фото: turkystan.kz

Заң жобасына қатысты депутат Жанарбек Әшімжан пікірін білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Дүниенің дидары өзгерді. Небір азғынданған дүниелер еніп жатыр. Қашан да қазақ қоғамында ата-ана мен баланың орны бөлек болған. Әз Тәукенің жарғысында да бұл көрінген. Бір кездері біз мұғалімнен қорқушы едік, қазір мұғалімдер балалардан қорқады. Өте ертеде мектепке апарған кезде аталарымыз ұстаздарына "еті менікі, сүйегі менікі" деп беретін. Тиісті деңгейде ұлттық ұстаным мен тәрбие бар. Құқықтардың бәрін балаға беріп, жалаңаштанып жатқан жоқпыз ба? Заң жобасында ұлттық тәрбиені қаншалықты қарастырдық?" – дейді ол.

Бұл сұраққа жауап берген Жұлдыз Сүлейменова неке және отбасы туралы заңға арнайы дәстүрлі отбасы құндылықтарын нығайту, сақтау, ілгерілету деген міндет енгізіліп отырғанын айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу