"Біз мұны проблема деп отырмыз": Сатқалиев автогаз тапшылығының пайда болу себебін атады

385

Республика бойынша сұйытылған мұнай газын тұтыну көлемі күрт артқан.

"Біз мұны проблема деп отырмыз": Сатқалиев автогаз тапшылығының пайда болу себебін атады Фото: inbusiness.kz

Энергетика министрі Алмасадам Сатқалиев автогаз тапшылығына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оның айтуынша, елімізде сұйытылған мұнай газын тұтыну көлемі күрт артқан. Оған автокөліктерді қайта жабдықтау әсер еткен. 

"Елде сұйытылған газды тұтыну күрт өсті автомобильдерді конверсиялаумен байланысты, көбінесе жартылай қолөнермен. Сұйытылған мұнай газын тұтыну 9 айда 25 пайызға өсті. Бізге қосымша көлемді іздеуге тура келіп отыр. "Теңізшевройл" компаниясымен келіссөздер жүргізіп, олар айына қосымша 10 мың тоннаны ішкі нарыққа шығарды. Біз "ҚазМұнайГаздың" барлық көлемін ішкі нарыққа жібердік. Қазір тапшылық жоқ, өңірлерге сұйытылған газды жеткізуге қатысты кейбір мәселе болуы мүмкін. Біз мұны проблема деп отырмыз. Болашақта машиналарды газға ауыстыру осындай қарқынмен өсетін болса, онда қысқа мерзімде қайта өңдеу қуаттылығының мүмкіндіктері жеткіліксіз болады. Бәлкім, сұйытылған газды импорттауға тура келетін кезең болуы мүмкін. Ондай жағдайда баға да өзгереді", - деді ведомство басшысы. 

Алмасадам Сатқалиев осыған дейін жүргізушілерге көлікке газ қондырғысын орнату мәселесінде асығыстық танытпауға кеңес бергенін баса айтты.

"Бір жағынан бұл жағдайда қауіпсіздікті те ескеру қажет. Сұйытылған мұнай газы сұйытылған көмірсутек газдарына жататыны, бұл төртінші дәрежелі қауіпті зат болып есептелетіні белгілі", - деп толықтырды ол.

Министр сұйытылған газын мұнай-химия өнімдерінің шикізаты ретінде пайдалану әлдеқайда тиімді екенін баса айтты. 

"Осы бағыттағы ірі зауыттар бұл газды пайдалануды жоспарлап отыр. Оның көлемі ішкі нарықта бұрын жасалған келісімшарттарға сәйкес те азаятын болады", - деді Энергетика министрі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу