"Біз сені ұзақ күттік": Баян Алагөзова үшінші рет ана атанды

32887

Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. 

"Біз сені ұзақ күттік": Баян Алагөзова үшінші рет ана атанды Фото: коллаж: inbusiness.kz

Танымал продюсер Баян Мақсатқызы балалы болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Біз сені ұзақ күттік. Үш келілік бақытымыз. Біз қызды болдық. Алагөзова… Тұрсынғалиқызы", - деп жазды ол.

Желі қолданушылары мен өнердегі әріптестері Баянға баянды бақыт тілеп, жақсы сөздерін жарыса жазып жатыр.

"Ең бақыттысы өзің бол", "Бауы берік болсын", "Ура", "Жаным, сендер үшін қуаныштымын", "Суррогат ананың көмегіне жүгінген шығар", "Қашан көтерген еді?", деп жазды олар.

Естеріңізге сала кетейік, продюсер осы қаңтарда 50 жасқа толып, туған күнін дүркіретіп тойлаған еді.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу