"Біз сіздермен біргеміз": Димаш Құдайберген ұшақ апатынан қаза тапқандардың жақындарына қолдау білдірді

370

Өнер иесі көршілес елге көңіл айтып, сабырға шақырды.

"Біз сіздермен біргеміз": Димаш Құдайберген ұшақ апатынан қаза тапқандардың жақындарына қолдау білдірді Фото: instagram.com/kudaibergen.dimash

Танымал халық әртісі Димаш Құдайберген Ақтау маңында құлаған ұшақ апатына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

“Кеше Ақтау маңында бауырлас Әзірбайжан мемлекетінің ұшағында қайғылы жағдай болды. Әзірбайжандық достарымыздың басына келген қайғылы оқиғаға көңіл айтамыз. Қаза болғандардың отбасылары мен жақындарына қайғыра көңіл айтамын. Бұл орны толмас қаза. Біз сіздермен біргеміз. Зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тілейміз. Құтқарушыларға, дәрігерлерге және осы қиын жағдайда қолдарынан келген қамқорлығын жасап жатқандарға мың алғыс", – деп жазды әнші. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу