Біз тек баспанамен қамтамасыз етеміз – Қанат Шарлапаев

552

Су қиратқан үйлердің ауласындағы уақытша құрылыстарды мемлекет қалпына келтірмейді.   

Біз тек баспанамен қамтамасыз етеміз – Қанат Шарлапаев Фото: Голос народа

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев мемлекеттің тасқыннан зардап шеккендерге үйлерді өзі салып беретінінін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Тілшілер  тасқыннан зардап шеккендердің үйінен бөлек, аула ішіндегі монша, қора және басқа да уақытша құрылыстарды қалпына келтіруге мемлекет көмектесе ме деп сұрады.

"Төтенше жағдай заңы бойынша біз тек баспанамен қамтамасыз ететін боламыз. Қазіргі таңда 100 АЕК көлемінде өтемақы беріліп жатыр. Біздің ең басты мақсат – баспанамен қамтамасыз ету. Біз тек баспанамен қамтамасыз етеміз. Басқаларды біз қайтып тұрғызбаймыз. Аз ресурстарды қораға, басқасына жұмсауға болмайды", - деді ведомство басшысы тілшінің сауалына берген жауабында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу