Бүгінде елімізде 20-дан астам балмұздақ өндіруші бар, деп хабарлайды abctv.kz.
Euromonitor International компаниясының мәліметіне сүйенсек, Қазақстандағы ең ірі балмұздақ өндіруші – "Шин-Лайн". Компанияның отандық нарықтағы үлесі 36%-дан асады. Кәсіпорын жылына 13 мың тоннадан астам балмұздақ өндіреді.
Жалпы елімізде балмұздаққа деген сұраныс жыл санап артып келеді. Орта есеппен алғанда нарық жылына 2-3%-ға өсуде. Сондай-ақ соңғы жылдары Қазақстандағы балмұздақ өндірісі де 7,5%-ға ұлғайған. "Шин-Лайн" компаниясының дерегінше, елімізде бір жылда шамамен 33 мың тоннадай балмұздақ өндіріледі.
Ел тұрғындары тұтатын балмұздақтың 40%-ы шетелдік өнім. Ал 60%-ын отандық компаниялар өндіреді.
Фархат Әміренов