"Біз ұлттық мүддені аспен де, таспен де қорғауға дайын болуымыз қажет"

854

"Шекара сызығын ресми түрде халықаралық шартпен бекітіп, оны әлем жұртының мойындауы соңғы бірнеше ғасырда үрдіске айналды. Оған дейін қазіргідей делимитация, демаркация деген ұғымдар болмаған", – дейді Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Тәуелсіздік бәрінен қымбат" мақаласында.

"Біз ұлттық мүддені аспен де, таспен де қорғауға дайын болуымыз қажет"

Бабалардан мұра болған қасиетті жеріміз – ең басты байлығымыз екенін баса айтқан Мемлекет басшысы халқымыз қазақ хандығы кезінде де, одан арғы Алтын Орда, Түрік қағанаты, Ғұн, Сақ дәуірінде де осы жерде өмір сүргеніне, өсіп-өнгеніне тоқталды.

"Аумақтық тұтастығымызға күмән келтіріп, тату көршілік қатынастарға сына қаққысы келетін кейбір шетел азаматтарының арандатушылық іс-әрекеттеріне ресми және қоғамдық деңгейде тойтарыс бере отырып, ағартушылық жұмыстарын ұстамдылықпен жүргізген жөн. Біз ұлттық мүддені аспен де, таспен де қорғауға дайын болуымыз қажеттігін тағы да баса айтқым келеді", – деді Президент "Егемен Қазақстанда" жарияланған мақаласында.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу