"Біз үшін чемпионсың": Әлем чемпионы Ризабек Айтмұқан Айбек Оралбайға қолдау көрсетті

1048

Бұл туралы балуан әлеуметтік желіде қысқа жазба жариялады.

"Біз үшін чемпионсың": Әлем чемпионы Ризабек Айтмұқан Айбек Оралбайға қолдау көрсетті Фото: коллаж: inbusiness.kz

Еркін күрестен әлем чемпионы Ризабек Айтмұқан Париж Олимпиадасының екінші кезеңінде есе жіберген Айбек Оралбайға қолдау білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ол өзімен қатарлас спортшыға тілеулес болғанын айтып, Айбектің орны ерекше екенін аңғартты. 

"Сен біз үшін чемпионсың, бауырым", - деп жазды Ризабек Айтмұқан.

Естеріңізге сала кетейік, Айбек Оралбай Париж Олимпиадасының бірінші айналымында Нигерия боксшысы Олайтан Олаорені 5:0 есебімен ұтты. Алайда екінші кезеңде Әзірбайжан атынан сынға түсетін кубалық легионер Лорен Альфонсоға 3:2 есебімен жол беріп, жарысты аяқтады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу