Біз көміртекті-қарқынды модельден бас тартып, жаңартылатын энергия көздеріне көшуіміз керек. 5 қарашада Бішкек қаласында Еуропалық комиссияның атқарушы вице-президенті Валдис Домбровскис “ЕО-Орталық Азия” экономикалық форумында осындай мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Inbusiness.kz.
Оның айтуынша, ЕО шығарындылар көлемін азайту үшін көміртекті-қарқындылығы азырақ өнімдерді импорттамақ.
Еурокомиссия басшысының орынбасары ЕО Орталық Азияның барлық елдерімен ынтымақтастықты күшейтуді жоспарлап отырғанын хабарлады.
"Біздің аймақтық бағдарламамыз және аймаққа құйылатын инвестия көлемі артады", – деді ол.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу